Басты бетЖаңалықтарЕкібастұздағы жылу...

Екібастұздағы жылу желілері 119 жерден зақымданған

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС тозығы жеткен жылу желілерін анықтайтын гидравликалық сынақтарға кірісті. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір жылу желілерінде 119 зақым табылды, оның 25-іне жөндеу жұмыстары басталды. Өңір басшысы Асайын Байханов құбыр ауыстырылатын төрт учаскеде болып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты Grappa-Stroy ЖШС базасына барды.

Мердігер материал мен жабдықтың жеткілікті екенін айтады. Қазір бір уақытта 25 бригада жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша, жылу желілерін жөндеу жұмыстары 10 маусымда аяқталады.

Сапалы жұмыс істеу үшін ыстық су беруді 10 маусымға дейін қысқарта тұру туралы нақты жоспарымыз бар. Оны ұстану керек. Сонымен қатар алдағы жылыту маусымына үйлерді дайындау үшін жекеменшік пәтер иелері кооперативінің жұмысын бақылау қажет, — деді Асайын Байханов.

Айта кетейік, Екібастұзда жылыту маусымы 22 сәуірде аяқталды.