Басты бетЖаңалықтарҰлттық қауіпсіздік...

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 өңірде жүздеген қаруды тәркіледі

Қазақстанның 11 өңірінде 268 қару, 21 граната, төрт жарылғыш құрылғы және оқ-дәрілер тәркіленді.

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірге прокуратураның үйлестіруімен заңсыз қару айналымындағы қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.

Қазақстанның 11 аймағында 268 бірлік қару, оның ішінде 38 «Калашников» автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, төрт жарылғыш құрылғы, түрлі калибрлі 30 199 оқ-дәрі, сонымен қатар броньды кеудеше, қорғаныш дулығасы, қол-кісендер, автомат оқжатарлары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленді, — делінген хабарламада.