Қазақстандағы Chery автомобильдерінің ресми дистрибьюторы брендтің жаһандық конференциясында бес номинация бойынша үздік деп танылды.
«Астана Моторс» құрамындағы First Motor Group 2021 жылдан бері Қазақстан нарығына Chery-ді ұсынып келеді. Chery — шетел дистрибьюторларының ішіндегі ең жасы. Бір жылда компания ел ішінде танылып, имиджін қалыптастырып, нарықта сенімді орын алды. Қазақстандық автокәсіп қауымдастығының мәліметінше, 2022 жылы компания Chery брендінің 4,4 мыңнан астам автокөлігін сатты. Сөйтіп Қазақстан нарығындағы «қытай» сегментінің 38%-іне жетіп, Қазақстандағы ең танымал 10 автобрендтің ішінде алтыншы орынға көтерілді.
Нәтижесінде бас кеңсе компанияның табысты жұмысын ерекше бағалады: First Motor Group «Үздік дилер желісі», «Брендтің үздік маркетингі», «Үздік сатылым» номинацияларын ұтып алды. Оған қоса Қарағандыдағы Chery Karaganda мен Алматыдағы Chery Raiymbek «Үздік дилер орталығы» атанды. Осы тұста конференцияға 700 шетел Chery дилері қатысқанын, номинацияға бәсекелестің көп болғанын айта кетейік.
Конференцияда компанияның даму стратегиясы, брендті танымал ету маркетингі, сатылымды арттыру және клиенттерге қызмет көрсетуді жақсарту мәселелері талқыланды.
Chery компаниясының тағы бір ерекшелігі — дипломатиялық тұрғыдан сыртқы нарықтарға бейімделе алатыны. Компания модельдер қатарын бекітуді, оны локализациялауды, брендті таныту стратегияларын жергілікті ерекшеліктерді ескеріп жүзеге асырады. Бұл жұмыс стратегиясы компанияға шынымен-ақ көп нәтижеге жетуге мүмкіндік берді. Мысалы, 2022 жылы бір миллион автомобиль сатылды, оның 450 мыңы сыртқы нарыққа сатылып, сатылым 68% болды.
Кейінгі үш жылда пандемия салдарынан конференция ауқымды масштабта өткізілмей жүрген еді. Сол себепті биыл Chery Automobile басшылығы заманауи әрі интеллектуал Super-One фабрика желісіне, шу мен вибрацияны зерттейтін Азиядағы ірі NVH зертханасына ауқымды экскурсия жасады. Мұнда жасыл технологиялар қолданыстағы жабдықтармен бірге зерттеу жұмыстарында сынақтан өтіп жатыр.
Chery конференциясы Шанхайдағы автомобиль өнеркәсібінің халықаралық көрмесі сияқты өткізілді және Қытайдағы ең ірі автоконцерннің бірі Chery Automobile негізгі ньюсмейкердің бірі болды. Автосалон ашылған күні Chery Automobile жарғылық капиталы 55 миллион доллар қоғамдық әл-ауқаттың жасыл қорын құрғанын салтанатты түрде жариялады. Автошоудың мұндай бастамасы дүниежүзінің өзгеріп жатқанын көрсетеді. Қазіргі уақытта автомобильдің ең жақсысы әрі сапалысы — экологиялық қауіпсіз көлік. Сондықтан компания флагманы биыл Сhery Tiggo 9 гибридін және өзінің PHEV платформасының үшінші буынын ұсынды.
First Motor Group директоры Нұрлан Шамгонов конференция мен автосалоннан қандай әсер алғанын айтты.
Мұндағы энергия ынтаңды арттырады екен. Автосалондағы Chery-дің концепт-карлары «жасыл» трендті бейнелейді. Қазір әлемге автокөліктің жылдамдығы емес, қоршаған ортаға зиян келтірмей, қолдануға мүмкіндік беретін технология шешімдерін табу жылдамдығы маңызды. Біз декарбонизацияның тек бір бөлігі емес, белсенді қатысушысы болғымыз келеді, — дейді Нұрлан Шамгонов.
Автомобиль индустриясындағы жаңартылатын энергия көздерінің тренді — біраз жылдан бері өзекті мәселе. Дегенмен кейінгі жылы бұл салада техникалық, құқықтық әзірлемелер ілгері басқанын байқауға болады.
Еуроаймақта үкіметтік деңгейде 2025 жылдың ортасынан бастап жеңіл автомобильдерге, 2027 жылдың ортасынан бастап ауыр жүк көліктері мен автобустарға Еуро-7 стандартын енгізу, 2035 жылдан бастап қозғалтқышы іштен жанып кеткен көліктерге тыйым салу мәселесі талқыланып жатыр.
Қытай да экотрендтерге баса назар аударды. Олар өндірушілерге Еуро-7 параметріне сай келетін 6В стандартын міндеттеді. Қазақстан да «көміртекті нөлге жеткізу» деген жаһандық бағдарламаға қатысып жатыр. Дегенмен Chery сияқты экологияға зияны азырақ автокөліктерді сатып, нарыққа экотрендті енді ғана енгізіп жатыр. Сол себепті 2025 жылдан бастап Алматыдағы мультибренд зауыттарда экологиялық класс бойынша Еуро-7 стандартына сай Chery-дің үш моделі шығарылады.