Басты бетЖаңалықтарЕліміздің бірнеше...

Еліміздің бірнеше өңірінде автогаз қымбаттады

Еліміздің бес өңірінде сұйытылған газ бағасын көтеру туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығы күшіне енді.

Құжат бойынша енді облыстарда сұйытылған мұнай газына мына баға бекітілді:

  • Алматы қаласы – 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;
  • Алматы облысы – 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы елдімекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 60 теңгеден 70 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы елдімекендерде 65 теңгеден 75 теңгеге дейін;
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 70 теңгеден 75 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы елдімекендерде 75 теңгеден 80 теңгеге дейін;
  • Абай облысы — 60 теңгеден 65 теңгеге дейін. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтағы елдімекендерде 65 теңгеден 70 теңгеге дейін қымбаттайды.

Қазақстандық отын қауымдастығының және нарық субъектілерінің көлік қызметтеріне шығындардың ұлғаюы, сұйытылған мұнай газын бірқатар облыстарда өткізу кезінде шекті бағаны көтеру қажеттігі туралы (5-тен 10 теңге шегінде) өтінішін ескере отырып, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату бағасын өзгерту ұсынылады. Бұл ретте, Қазақстанның қалған өңірлерінде сұйытылған мұнай газының бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды, — делінген бұйрықта.