Басты бетЖаңалықтарРиддер әкімі...

Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды.

БАҚ-тың мәліметінше, әкімнің жүрегі тоқтап қалған.

Қаралы хабарды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі растап, өлімнің нақты себебі кейінірек анықталатынын хабарлады.

Дмитрий Анатольевич 1983 жылғы 6 қазанда Шемонаиха қаласында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастады.

2015-2020 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Риддер әкімі лауазымына 2020 жылғы қыркүйекте тағайындалған.