«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы 2023 жылғы 24 сәуірден бастап жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қорғас» ШЫХО әлемдегі эпидемиология жағдайына байланысты жұмысын тоқтатқанына үш жылдан астам уақыт өтті.
Үш жыл ішінде басқарушы компания орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Осылайша 2023 жылғы 24 сәуірден бастап «Қорғас» орталығы қалыпты жұмыс режиміне қайта кіріседі, — делінген хабарламада.