Таңғы сағат: 08:30. Марат Есболғанов үшін жұмыс күнінің басталуы. Бірінші кезекте басшылықтың тексеруінен өтіп, төтенше жағдайға дайын екендіктерін мәлімдейді.
Абай аудандық өрт сөндіру қызметінің мамандары тілсіз жауды құрықтауға сақадай-сай.
Өрт бола қалған жағдайда жеткілікті су қоры болуы шарт. Сондықтан арнайы белгіленген су қорларының картасын тексеру үстінде.
Қала аумағындағы өрт дабылы туралы хабар өрт сөндіру қызметінің нұсқаушысына (суретте Наталья Лукьянчикова) келіп түседі. Онан ары төтенше жағдай орын алған мекен-жайға дейін кәсібіи нұсқаушы рация арқылы ең жылдам жол бөлігін нұсқап, өрттің тез сөндірілуіне ақпараттық қолдау көрсетеді.
Марат Есболғановтың айтуынша нұқсаушы тек кабинетте отырып жұмыс істейтін болып көрінгенімен, алайда өрт сөндірілгенге дейін бізбен бірдей қызмет атқарады.
Өрт! Дабыл!
Уақыт өлшеулі, бір секунд та қымбат!
Дер кезінде сөндірілен өрт ауыр шығынның алдын алады.
Қарапайым еңбек адамдарының түскі асы — майонез, пияз, бөлке нан, қайнатылған макарон сорпасы…
“Өрт сөндіруші күн сайын оқу-жаттығудан өтеді. Физикалық, психологиялық тұрғыдан өзін шыңдау қажет”, — дейді Марат аға.
Кеңестік кезеңде жүгіруден республикалық спорт шебері атанған Марат аға көпқабатты ғимаратқа көз ілестірмес жылдамдықпен өрмелейді. 27 жыл ішінде өмір мектебінен алған тәжірибесін жас буынға үйретуден жалыққан емес.
Төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтау — басты міндет.
“Өрт сөндіру тек жеке адамның еңбегі емес. Бұл төрт көзі түгел ұжымның бірлесіп атқарар шаруасы. Осы ретте республикалық спорттық сайыстарда оқ бойы озық жүруіміз Абай аудандық І мамандандырылған жасақтың басшысы, подполковник Алтынбек Толтаевтың үлесі зор деп білемін”, — дейді Марат аға.
Ақпан айында “101” орталығына 20 мыңнан аса қоңырау келіп түскен. “Мұның барлығы тіркелген төтенше жағдай екен”, — деп қалмаңыз. Кейбірі, қалтафонының дауыс жүйесін тексерсе, ата-анасының ұялы телефонымен әуестенген жасөспірімдер, қаланы толық білмейтіндер, беймаза адамдар осы сымтетікке жиі қоңырау шалып, нәзік жандылардың мазасын алады.
Тіпті, сексенді еңсерген бір қарт әже түні бойы “Сағат неше болды қызым?”, — деп үнемі қоңырау шалады екен. “Алайда, барлығына байыппен жауап беріп отырамыз”, — дейді “101” — дің қыздары.
“Қаптаған көлік тығынынан оқиға орын алған жерге жетудің өзі мұң. Бұл ретте көлік жүргізушілерінің жұмысымызға түсіністікпен қарауын сұраймыз”, — дейді жасақ жүргізушісі.
Алдын ала болжам бойынша электр желісі жүйесіндегі ақауларға байланысты құрылыс заттарын сататын дүкен өртке оранған.
«Біздің жұмысымызды түсінбейтіндердің арасында “Күнде өрт бола бермейді. Олар бос уақытында ұйықтайды”, “Өрт кезінде өзгенің дүние-мүлкін жымқырады”, “Оқиға орнына үнемі су толтырылмаған көлікпен барады”, — деген әңгіме көп. Шын мәнінде, біздің жұмысымыз үздіксіз жаттығудан тұрады. Бір сәтке де босаңсуымызға, бел шешіп демалуға қақымыз жоқ. Олай болған да емес, болмайды да. Жоғары қысыммен үзіліссіз ағылған су небәрі 8-10 минутқа ғана жетклікті. Онан ары көлікке тағы су толтыруға мәжбүрміз” , — деп кейістік танытты Марат аға.
Кез-келген тұрғын өрт қауіпсіздігі жөнінде қарапайым қағидаларды білгені абзал. Сіздің болмашы қателігіңіз басқаларға зор зиян, орны толмас қайғы әкелуі мүмкін.
“Төтенше жағдай кезінде бір тәуліктің өзі біз үшін 10 тәуліктей болып ұзаққа созылып кетеді. Себебі, кейде өртті ауыздықтаудың өзі таңнан-таңға дейін жалғасады. Бірақ, бізге артылған жауапкершілікті сезініп келеміз. Өрт болғасын кейде адам шығыны да орын алады. Сол уақытта біз қатты күйзелеміз. Осыдан үш жыл бұрын кезекті өрт сөндіру сәтінде қойма қабырғасы құлап әріптесіміз астында қалып, мезгілсіз мерт болды. Осылайша біз бір тәуліктен астам жанымызда болатын аяулы әріптесімізден көз жазып қалдық”,- дейді Марат Есболғанов.
“Сақтанғанды Құдай сақтайды” демекші, қаламыздың әр тұрғыны өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаса, орны толмас өкініш болмас еді. Біріншіден өз денсаулықтарына және дүние-мүліктеріне залал келмейді.
Әрбір өрт сөндіруші қаһарман өрт болған сайын өз бастарын қатерге тігеді. Себебі, бұл жұмыстың талабы!
Міне, өмірден түйгені түгел, көргені анық Марат ағаның бір күні. Оның өз ісіне деген шексіз махаббаты адамдарды бір-біріне көмек қолын созуға, пайдалы іспен айналысуға үгіттеп тұрғандай.
Кезекті сәтті сөндірілген өрттен кейін оның жүзінен біз шаршаудың емес, қуаныштың белгісін көргендей болдық.
Фото: Мақсат Шағырбаев. Мәтін: Нұрбақ Едіге
Димаш.жараисын.солаи.жалгастраберуне.тлек.косам.мухтар.