Ауа райына байланысты Алматының таулы аймақтарында тас құлау, қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖД мәліметінше, қауіпті аймаққа кіруді шектеу үшін блок-бекеттер қойылған.
Алматы төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» тұрғындарға тауға шықпауға кеңес береді, өйткені қауіпті, – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, мүдделі ұйымдар таулы жерлерге халықтың кіруін шектеу бойынша шаралар қабылдауы қажет. Алматы – Космостанция және Алматы – Тұйықсу автомобиль жолдары жабылып, блок-бекеттер қойылды.