Оның қарсыласы — ресейлік Магомедсайгид Алибеков. Ол әскери қоян-қолтық ұрыстан спорт шебері атағына кандидат, ММА бойынша спорт шебері, әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша РФ Қарулы күштерінің екі дүркін чемпионы, әскери қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы, ММА-дан Алысшығыс федералды округі чемпионатының жеңімпазы, грепплингтен Ресейдің күміс жүлдегері.
Екі спортшының да салмақтары шамалас — 70 келіден. Магомедсайгид Қуаттан екі жас кіші, ол — 27 жаста.
Айта кетейік, Алибеков бүгінгі күнге дейін 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 2001 жылдың мамыр айынан бергі Қуат Хамитовтың статистикасы — 17-4-1.