Қуат Хамитов «Найман» аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды (видео)

Қазақстандық бірінші раундта-ақ қарсыласы Андрей Митрофановтан басым түсіп, жеңіске жетті.

Осылайша жерлесіміз әлем чемпион белбеуін иеленді.

Осыған дейін Хамитов жеңіл салмақта (70 келі) чемпион белбеуін иеленген еді, кейін бұл титулды бос қалдырып, келесі салмақтағы чемпионмен жұдырықтасқан.

Сондай-ақ осы турнирде WBK нұсқасы бойынша жеңіл салмақта (70 келі) чемпиондық титул үшін айқасқан қазақстандық Айбек Нұрсейіт француздық Майкл Дубойстан басым түсті.

Бес раундқа созылған кездесуде Alem Fighters клубының мүшесі Нұрсейіт өз қарсыласын екінші раундта-ақ сұлатып тастады.

ДереккөзNUR.KZ