Төтенше жағдайлар министрлігі тағы екі жылу-электр орталығында тексеру жүргізеді. Бұл туралы ведомство басшысы Юрий Ильин үкімет отырысында айтты.
Қазір Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Маңғыстау облыстарындағы жеті өнеркәсіп кәсіпорны министрліктің бақылауына алынған. Бірінші жартыжылдыққа арналған профилактикалық бақылау және қадағалау кестесіне сәйкес «Алюминий Қазақстан» АҚ-ның №1 жылу-электр орталығында және «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ-ның жылу-электр орталығында тексеру жүргізіледі, — деді Юрий Ильин.
Сонымен қатар ол бірнеше өнеркәсіп алпауытында тексеру жоспарланғанын айтты.
Мамыр айында «Ақсу ферроқорытпа зауыты – «Қазхром» трансұлттық компаниясы АҚ филиалында тексеру жүргізу жоспарда бар. Екінші жартыжылдыққа «Nova Цинк» ЖШС (Ақжал кенті), Хромтау қаласындағы «Қазхром ТҰК» АҚ-ға қарасты Донской таукен байыту комбинатының филиалында, «Екібастұз ЭГРЭС-2 станциясында» тексеру жоспарланған, — деді министр.