Ауыл шаруашылығы министрінің «ҚР аумағына бидайды автомобиль көлігімен әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрығы күшіне енді.
Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға алты айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуына жетекшілік ету ҚР ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін, — делінген ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.
Ведомство басшысының бұйрығы 10 сәуірден бастап күшіне енді.