Басты бетЖаңалықтарИльхам Әлиев...

Ильхам Әлиев ресми сапармен Қазақстанға келді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ресми сапармен келді.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Әуежайда Ильхам Әлиевті Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Бұған дейін Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған еді.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланады.