Бибісара Асаубаева Нью-Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ гран-приінің 3-кезеңінде 2-орын алды. Отандасымыз шешуші турда Катерина Лагномен тең түсіп, алты ұпай жинады.
Ол қытайлық Чжу Цзинер мен ресейлік Александра Горячкина да тең ойнап, алты ұпайға қол жеткізді. Үш шахматшының еншісінде бірдей балл. Бибісара жекелеген көрсеткіш бойынша 2-орын алды. Ал бұл кезеңде ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина тай-брейк бойынша жеңіске жетті.
Бірдей ұпай жинаған үш ойыншы 37 мың еуро сыйақы мен 400 ұпайды бірдей бөліседі.
Айта кетейік, гран-придің шешуші 4-кезеңі Кипр астанасы Никосияда 15-28 мамыр күндері өтеді. Бибісара бұл кезеңге шақырту алған 12 шахматшының арасында бар.