Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Тінту кезінде жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі күдіктілердің бірі қамауға алынды.
Екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары басталды. Сонымен қатар басқа адамдардың осы заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, — дейді агенттік мамандары.
Айта кетейік, қылмыстық кодекстің 231-бабы (Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған әрекет) бойынша жалған ақша сатқаны үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.