Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзарды

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзарды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 сәуірдегі хабарламасы бойынша, сот қаулысымен тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. А. Жұмагелдиевке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамау мерзімін екі айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді, — делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер Арман Жұмагелдиевті ұстады.

Кейін ҚР бас прокуратурасы Дикий Арманның ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.