Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша, 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері» мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы менеджмент университетін «МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Атырау қаласының №2 қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.
1994-1999 жылдары Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі, дəрігер-инфекционисті;
1999-2001 жылдары Маңғыстау жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары;
2001-2005 жылдары Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары;
2005-2006 жылдары Маңғыстау облысы денсаулық сақтау департаментінің директоры;
2008-2017 жылдары ҚР денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы, департамент директоры;
2017-2020 жылдары ҚР президенті іс басқармасының медицина орталығы басшысы;
2020-2022 жылдары ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болды;
2022 жылғы қаңдардан бастап ҚР денсаулық сақтау министрі қызметін атқарып келеді.