Басты бетЖаңалықтарЕлімізде депозиттердің...

Елімізде депозиттердің максималды мөлшерлемесі бекітілді

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры 2023 жылғы мамырға арналған депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін сақтап қалды.

2023 жылғы мамырда теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелер сәуірдегі мән деңгейінде қалды. Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелері:

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры екінші деңгейдегі банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы өз бетімен шешім қабылдайтындығына назар аударады. Осыған байланысты банктер өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сонымен қатар қаржылық және экономикалық ахуалдарға іштей баға бере отырып, өздерінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін, — делінген хабарламада.