«ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 9 наурыз күні Алматы уақытымен 04 сағат 33 минут 36 секундта жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 407 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 9.3. MPV бағаны бойынша магнитудасы — 4.0. Тереңдігі — 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ», — делінген таратылған хабарламада.