Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі ФИДЕ-нің әйелдер арасындағы гран-при кезеңінде үшінші рет жеңіске жетті.
Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Қазақстандық халықаралық спорт шебері Бибісара Асаубаева гран-придің төртінші турында ресейлік Александра Горячкинадан жеңілгеннен кейін, үндістандық гроссмейстер Харика Дронавалиден басым түсті. Осы жеңістен кейін жерлесіміз үш ұпай жинап, ресейлік Александра Горячкинамен үшінші-төртінші орынды өзара бөлісті.
Сайыста әзірге 3,5 балл жинаған қытайлық Чжу Цзяньэр мен ресейлік Полина Шувалова көш бастап тұр. Бүгін Бибісара Асаубаева екеуімен де кездесу өткізеді.