Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің үшінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуланы жеңді.
Ойын 1 сағат 53 минутқа созылған. Елена Рыбакина қарсыласынан 7:6 (7:3), 6:4 есебімен басым түсті.
Финалда 23 жастағы теннисші Петра Квитова (Чехия) мен Сорана Кырстя (Румыния) арасында өтетін матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Майамидегі турнирдің жүлде қоры — 8,8 миллион доллар. Оның қазіргі жеңімпазы – әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық теннисші Ига Свентек.