«Ол поляк астанасының ең қымбат әрі ең сұлу аудандарының бірі Вилановта орналасқан. Қазақ көшесіне тақау жерде Варшаваның ең үлкен көрікті жері король Ян ІІІ Собесскийдің бұрынғы жазғы резиденциясы Вилянувский сарайы орналасқан», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, Варшавадағы ең қымбат аудандардың біріндегі көшеге Қазақ атауы 2006 жылдың шілде айында берілген болатын. Поляк елордасы билігінің пайымынша, Қазақ көшесі бұл Варшаваның Қазақстан Астанасына деген нышандық сыйы, сонымен қатар жер аударылған поляктарға көмек беріп, қамқорлық танытқан қазақ халқына деген алғысы.
Айта кетерлігі, Қазақ атауы берілген көшелер Ресейдің Волгоград, Орынбор, Дондағы Ростов, Қазан, Пермь қалаларында, сондай-ақ Түркия жәнеТәжікстан елдерінде де бар.