Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісін сайлаудың түпкілікті қорытындысын шығарды.
Комиссия мәліметінше, мәжілісті сайлауға қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:
1. Amanat партиясы – 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;
3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;
4. Қазақстан халық партиясы – 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді;
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді;
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;
«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, бес және одан да көп процент дауыс жинаған саяси партиялардың арасында мәжіліс депутатының мандаттары былай бөлінді:
1. Amanat партиясы – 40 мандат;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – сегіз мандат;
3. Respublica партиясы – алты мандат;
4. Қазақстан халық партиясы – бес мандат;
5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – алты мандат;
6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – төрт мандат.
Еске салайық, 19 наурызда Қазақстан Республикасы парламент мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау өтті. Бұл жолы кандидаттар партиялық тізім негізінде және бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысты.