Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавқат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.
Сонымен қатар президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.
Шавқат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.