Басты бетЖаңалықтарАқтөбенің бір...

Ақтөбенің бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ойыл ауданы әкімдігінің сайтында 20 наурыздан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғаны туралы жазылған. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды аудан әкімі Асқар Қазыбаев басқарады. Ал облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданда 11 үйді су басқан.

Су тасқынында 11 үйге су кірді. Оның үшеуі – бос тұрған үй. Екі үйдің дәлізіне зақым келген. 12 аула аумағын (сарай, қора) су шайды. Адам өлімі, мал шығыны жоқ, — делінген хабарламада.