БҚО-да су тасқынынан кейін 275 адам үйіне оралды

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы мен бес ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бір тәулік ішінде жұмыстар Орал қаласы мен облыстың  ауданында – Ақжайық, Бөрлі, Қаратөбе, Казталов және Бәйтерек аудандарында жүргізілді. Мұнда инертті материал салынған қаптарды дайындау және төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы инертті материал салынған 5 000-нан астам қап төселді, қосымша 4 000-ға жуық қап дайындалды, 75 000-нан астам текше метр су сорылды. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап Батыс Қазақстан облысы бойынша 500 000 текше метр су сорылды. Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылының арқасында бұрын су басқан 57 тұрғын үйден су сору жұмыстары аяқталды, бұрын эвакуацияланған 275 адам өз үйлеріне оралды, 22 адам туыстарының үйлерінде қалды, — деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығы Ернұр Өтегенов.

Оның айтуынша, жағдай тұрақты бақылауда. Сонымен қатар су тасқыны салдарын жою жұмыстары 20 саяжай аумағында жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта Дерқұл, Шаған және Шыңғырлау өзендері арналарындағы су деңгейіне мониторинг жүргізілді. Су деңгейінің күрт көтерілуі байқалмайды. 11 бақылау гидробекеті қойылды, олардың көрсеткіштері бойынша жедел шешімдер қабылданады, — делінген хабарламада.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Жастар үні: Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген

Жас депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктелген. Бұл туралы бүгін «Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогының өкілдері есеп беру баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы қалалық ұтқырлық басқармасы хабарлады.

Алматыдан 174 шақырым жерде жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 17 наурыз күні 14:18-те жер сілкінісін тіркеді.

Сағат 18:00-дегі мәлімет: сайлаушылардың 53,11%-і дауыс берді

Сайлаушылардың 53,11%-і дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты.

Мәжілісті сайлау: сотқа кандидаттардан 166 талап-арыз түскен

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар сотқа 166 талап-арыз берген. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов мәлімдеді.

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 17 наурыз

Қазақстанда кейінгі тәулікте 98 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.