Өткен тәулікте Қазақстанда 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Өткен тәулікте елімізде 34 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

22 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 772 адам коронавирус инфекциясынан (–1 602+ және 170 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 140 пациент стационарда, 1 632 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 5 адамның жағдайы ауыр,

• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.