Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның екі...

Қазақстанның екі облысында су тасқыны қаупі ескертілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің екі облысында су тасқыны қаупі бар екенін ескертті.

Синоптиктердің мәліметінше, Қостанай облысында 20-22 наурыз аралығында жылы ауа температурасы сақталады, сол себепті елдімекендерді, шаруашылық құрылыстарын және жергілікті маңызы бар жолдарды еріген су басып қалу қаупі бар. Облыстың оңтүстігінде Наурызым, Жангелді, Амангелді аудандарында және Арқалық қаласы маңында қар еріп, еріген су ағындары қалыптасады, мұз еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін.

20-22 наурыз аралығында, сонымен қатар Ұлытау облысында (Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының солтүстігінде) ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар еріп, су деңгейінің көтерілуі, арнадан асып, су басу ықтималдығы бар.