Батыс Қазақстан облысында Орал қаласы мен алты ауданда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Казталов және Бәйтерек аудандарында инертті материал салынған қап төсеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы 6 000-ға жуық қап төселді, 84 000-ға жуық текше метр су сорылды, — деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Оның айтуынша, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша инертті материал салынған 32 000 қап төселді, 420 000 текше метр су сорылды.
Тартылған күштер мен құралдардың жедел іс-қимылының арқасында бұрын су басқан 57 тұрғын үйден су сору жұмыстары аяқталып жатыр, 100-ден астам адам өз үйіне оралып жатыр. Бұрын эвакуацияланған 188 адам туыстарының үйлерінде. Жағдай тұақты бақылауда. Сонымен қатар су тасқыны салдарын жою жұмыстары 20 саяжай аумағында жүріп жатыр, — деді Доспаев.