Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Су басқан алты үйден су толығымен шығарылды.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сырым және Теректі аудандарынан эвакуацияланған 30-ға жуық тұрғын үйіне оралды. Қалған 33 адам уақытша эвакуациялау орындарына орналастырылды, 206 адам туыстарының үйінде тұрып жатыр. 280-нен астам мал қауіпсіз жерге шығарылды, — делінген хабарламада.

Кейінгі тәулікте қауіпті аймақтарға 4 мыңға жуық инертті материалдар салынған қаптар төселді, 30 мың текше метрден астам су сорылды, 12 учаскеде суды бұрып ағызатын траншеялар қазылды.

Жалпы Батыс Қазақстан облысында су тасқыны басталғаннан бері тәулік бойы жұмыс жүргізудің арқасында 340 мың текше метр су сорылып, инертті материалдар салынған 25 мыңнан астам қап төселді.

Апатты-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуге төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер министрлігі, қорғаныс министрлігінің 1 000-ға жуық өкілі, 400-ден астам техника, соның ішінде инженерлік техника, мотопомпалар, жүзу құралдары, тікұшақ, сонымен қоса Атырау және Маңғыстау облыстарынан төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары қосымша тартылған.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 453-458 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453-458 теңгеден саудаланып жатыр.

Respublica партиясынан мәжіліске кімдер депутат болды?

Respublica партиясынан ҚР парламенті мәжілісіне депутат болғандардың тізімі жарияланды.

Qnet қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады.

Елімізде кейінгі тәулікте 32 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 32 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанның екі облысында жолдар ашылды

Екатеринбург-Алматы тасжолының екі учаскесінде Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында көлік қозғалысы ашылды.

Сталкинг: аңдып жүрген адамды қалай жазалаймыз?

Әлемде әр оныншы әйел сталкингке ұшырайды. Baribar.kz психологпен және заңгермен сөйлесіп, мұндай қауіптен қалай қорғануға болатынын сұрап көрді.