Қаржы министрі көші-қон мен теңге бағамы туралы айтты

Қаржы министрі үкімет отырысында ресейліктердің Қазақстанға келуі фонында теңге бағамында қандай өзгерістер болады және бұл Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін деген сұраққа жауап берді.

Ол теңге бағамы динамикасына бірнеше фактор әсер ететінін атап өтті.

«Теңге бағамы әлсіреуі үшін іргелі факторлар болуы тиіс — мұнай бағасының күрт төмендеуі және көп жағдайда шет елдерде күшті рецессия болуы тиіс. Сауда балансымыз теріс болуы керек. Бұл факторлардың күшеюін көріп отырған жоқпыз. Сондықтан теңге әлсірейді деп болжай алмаймыз», — деп жауап берді журналистердің сауалына Ерұлан Жамаубаев.