Басты бетЖаңалықтарAmanat партиясы:...

Amanat партиясы: Басты міндет – азаматтардың табысын арттыру

Amanat партиясы Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Павлодар облысында сайлаушыларымен кездесті.

Партиялықтар Б.Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС ұжымымен еңбекақыны индекстеу және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

Amanat-тың aтқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев атап өткендей, партияның басты міндеті – азаматтардың жүйелі түрде табысын арттыру.

Фото: Amanat партиясы

Қазақстандағы әр отбасы бақуатты өмір сүруге тиіс. Күш-жігеріміз әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталады. Біздің көмегімізбен жұмысшылар жұмыс орнындағы жеке қауіпсіздігінің, құқықтары мен денсаулығының қорғалатынына сенімді болады. Біз барлық жұмыс берушіден жауапкершілік талап етеміз,деді ол.

Бұдан соң РСШ мүшелері Екібастұз тұрғындарымен экспромт-кездесу өткізді. Жүздесуде партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды сапалы жаңғырту жөніндегі шаралар туралы айтылды.

Алдағы бес жылда партия жылумен жабдықтау жүйелеріне техникалық аудит жүргізуге, жылумен жабдықтау проблемаларын шешу бойынша аумақтық жол карталарын әзірлеуге кепілдік береді. Партия үкіметтің тек ірі қалалар мен астанаға ғана емес, еліміздің барлық өңіріне назары аударуын қамтамасыз етеді.

Фото: Amanat партиясы

Павлодар қаласында штаб мүшелері сайлаушылардың талап-тілектерін қабылдады. Негізінен азаматтарды жұмыспен қамту, тұрғын үй салу, жол жөндеу және т.б. мәселелер алаңдатады. Партияның сайлауалды уәделерін орындау аясында Павлодар облысында кемінде 65 мың жұмыс орнын ашу, ШОБ кәсіпорындарының санын 65 мың бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда.

Сонымен қатар алдағы бес жылда облыста 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй (шамамен 15 мың пәтер), жеті мектеп салынады, кемінде 100 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі. Ауылдық елді мекендерде 30 жаңа медициналық нысан, ал тікелей облыс орталығында – екі консультативтік-диагностикалық орталық пайда болады.

Фото: Amanat партиясы

Қоғам белсенділерімен және өңір жастарымен кездесуде аманаттықтар партияның өскелең ұрпақтың өз қабілет-қарымын жүзеге асыруы үшін жағдай жасау жоспарлары туралы айтып берді.

Биыл Amanat «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы аясында 300 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау орталықтарын құрады. Жалпы, 2028 жылға дейін 1,5 миллионнан астам жас жұмыспен қамтылады.

Осы күні аманаттықтар Павлодар облысындағы бірмандатты сайлау округтері бойынша кандидаттармен үгіт-насихат науқанын жүргізудің өзекті мәселелері туралы әңгімелесті.

Фото: Amanat партиясы

Дайындаған: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: М.Ж. Оспанов

“AMANAT” партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.