Басты бетЖаңалықтарМамонттар неге...

Мамонттар неге жойылып кетті?

«Жер бетіндегі ең соңғы мамонт ауыр генетикалық аурудан иіс сезу қабілетінен айырылып өлген»,-дейді олардың ДНК-сын зерттеген Ребекки Роджерс есімді ғалым.

Оның айтуынша, мамонттар жойылар алдында олардың табыны азайып кеткен. Салдарынан генетикалық ауруларға ұшыраған. Ғалымдар бұл қорытындыға осыдан 4 мың жыл бұрын өмір сүрген мамонт пен 45 мың жыл бұрын өмір сүрен мамонттың ДНК-сын зерттеген соң келген.

Жүндес мамонттар Солтүстік  Америка мен Сібірде өмір сүргендіктен, осыдан 10 мың жыл бұрын бұзылған экологиялық факторлардың да оларға әсері болған. Оның сыртында аңшылық та бар.

Роджерстің айтуынша, бұл зерттеулер панда, үнді пілі, тау гориллалары сынды қазіргі сирек жануарлардың құрып кетуінің алдын алады екен.

«Егер табын шағын болса, жануарлар бір-бірімен шағылысқандықтан, генетикалық дағдарысқа ұшырайды. Мамонттадың жағдайы солай», -дейді Роджерс.

ДереккөзBbc.com