Жалпықытайлық халық өкілдері жиынының (ЖХӨЖ, парламент) депутаттары Си Цзиньпиньді үшінші бес жыл мерзімге ҚХР төрағасы қызметіне сайлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Басылым мәліметінше, ЖХӨЖ депутаттары дауыс беру кезінде бірауыздан Си Цзиньпиньді қолдаған. Дауыс беру 14-шақырылым ЖХӨЖ бірінші сессиясының үшінші пленарлық отырысы кезінде өткен.
Си Цзиньпин Қытай тарихындағы үшінші мерзімге ел президенті болып сайланған алғашқы адам.
Сонымен қатар Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары болып мемлекеттік кеңестің бірінші вице-премьері Хань Чжэн сайланды. Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының тұрақты комитетінің мүшесі Чжао Лэджи ҚХР тұрақты комитетінің төрағасы болып тағайындалды.