2023 жылы Астана, Алматы қалаларынан, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарынан Алакөл бағытында 11 маршрут қызметін жалғастырады. Бұл туралы Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі хабарлады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Ж.Тайжанов «Астана — Достық» бағыты бойынша «Тальго» пойызының іске қосылатынын хабарлады.
Былтыр темір жол көлігімен Алакөл жағалауына 243 мың жолаушы жеткізілді:
- еліміздің оңтүстік өңірінен – 118 мың;
- солтүстіктен — 72 мың;
- Шығыс Қазақстан облысынан — 52 мың.
Биыл жолаушыларға арналған орын саны 6%-ке артып, 276 мыңға жетеді.
Туроператорлар үшін коммерциялық пойыз билеттерін ерте брондау тәртібі бар – пойыз жөнелтілгенге дейін 180 күн бұрын.