Елімізде кейінгі тәулікте 79 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
8 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 712 адам коронавирус инфекциясынан (–1 577 + және 135 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 577 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
