Басты бетЖаңалықтарКенияға ашаршылық қаупі төніп тұр

Кенияға ашаршылық қаупі төніп тұр

Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық қауымдастықты көмек беруге шақырды.

Ұйымның гуманитарлық істер жөніндегі басшысы Стивен О’Брайеннің айтуынша, табиғи апаттан 4 миллионнан астам адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. Қазірдің өзінде 1 миллионнан астам тұрғынға азық-түлік жетіспей жатыр. Өйткені елді жайлаған қуаңшылықтан мал қырыла бастаған.

Жергілікті билік төтенше жағдай жариялап, халыққа көмекті көбейте бастады.

Ауа райын болжау орталығы таяу арада жауын-шашын бола қоймайды деп отыр.

Дереккөз24.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да