Басты бетЖаңалықтарБөлшектеп әкелініп,...

Бөлшектеп әкелініп, елде құрастырылған көліктер заңдастырылуы мүмкін

Қазақстанға бөлшектеп әкелініп, құрастырылған көліктерді заңдастыруға рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті «Ашық» НҚА порталында жариялаған үкімет қаулысында көрсетілген.

Құжатта көрсетілгендей, көліктің кедендік тазартудан өткені туралы мәліметі жоқ және іздеуде болмаса, оның бастапқы мемлекеттік тіркелгені үшін 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесімен мемлекеттік тіркеуге жол беріледі.

Ол үшін азаматтардан мына құжаттар сұралады:

  • өтініш берушінің көлік құралын сатып алу мән-жайлары көрсетілетін өтініші;
  • ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын қарап тексеру актісі;
  • техникалық байқаудың диагностикалық картасы негізінде қолдануға жол беріледі.

Мұндай өзгеріс Қазақстан аумағына бөлшектеп әкелініп, елде құрастырылған көліктерді заңдастыруға арналған.

Бұл қосалқы бөлшектердің түрлері бойынша әкелінген және Қазақстан азаматтарына өткізілген автомобильдерді заңдастыру үшін қарастырылды. Көлік құралдары ҚР аумағында ғана пайдалануға жатады. Мұндай көлік құралдарына қатысты меншік құқығын өзгертуге жол берілмейді. Көлік құралын тіркеу туралы куәлікте меншік құқығын өзгертуге тыйым салу, тек ҚР аумағында пайдалануға рұқсат етіледі, — делінген қаулыда.

Құжат 24 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.