Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 24 адам құтқарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай облысында әлі де ауа райы бұзылып тұр. Наурыз қарлы болды. Жолдарды тазарту жалғасып жатыр, қатты жел жұмысқа кедергі келтіріп тұр. Құтқарушылар бұл күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді, қарға кептеліп қалған жүргізушілерге көмектеседі, тоқтап қалған автокөліктерді сүйрейді, азаматтарды елдімекендерге эвакуациялайды.
6 наурызда Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері Науырзым, Қамысты, Қарасу аудандарының аумағында төтр авариялық-құтқару операциясын жүргізді. 24 адам құтқарылды, оның ішінде сегіз бала бар.
Төтенше жағдай салдарын жоюға 10 қызметкер мен төрт бірлік арнайы техника қатысты. Жергілікті жерлерде барлығы төрт уақытша блок-бекеттердің, ТЖД (жеке құрамнан төрт адам, екі бірлік техника), ПД (жеке құрамнан бес адам, төрт бірлік техника) кезекшілігі ұйымдастырылды, 160 орынға төрт жылыту пункті дайындалды. Автокөліктің жиналуы жоқ.
Ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды.