Басты бетЖаңалықтарFacebook сериалдар...

Facebook сериалдар шығарады

Facebook компаниясы аптасына бір рет шоу форматындағы 30 минуттық роликтер, бағдарламалар және сериалдар көрсетуді жоспарлауда. Видеоның тақырыптары тек жаңалықтарды ғана емес, спорт, ғылым, поп-мәдениет пен өмір стилін де қамтиды.

Бір видеоны шығаруға Facebook 500 мың доллар бөлуді жоспарлауда.

Қызықты видеоконтент жасау үшін әлеуметтік желіге қазір ТВ деңгейінде эксклюзивті жобамен жұмыс істеп жатқан CollegeHumor сайтының негізін қалаған Рик Ван Вин, MTV музыкалық телеарнасының бұрынғы топ-менеджері Мина Лефивре, YouTube және Google Play музыкалық әріптестігі бойынша бұрынғы директор Тамар Хривнак қосылды.

Бұдан бұрын Марк Цукерберг Facebook базасында жаһандық қоғамдастық қалыптастыру үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен айналысуға ниетті екені хабарлаған.

ДереккөзKorrespondent.net