Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 7 сәуірге дейін ұзарды.

Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д. — ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылғы 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды, — деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер Арман Жұмагелдиевті ұстады.

Кейін ҚР бас прокуратурасы Дикий Арманның ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.