Cирия президенті Башар әл-Асад Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның берген гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
Бұл туралы Ақорданың бапасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының атына Сирия президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар әл-Асад ақпанда болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның берген гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.
Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазылған жеделхатта.