Жансая Әбдімәлік xалықаралық «Аэрофлот Опен 2017» фестивалінде жеңіске жетті

Шаxмат академиясының xабарлауынша, Жансая 20 ақпан мен 3 наурыз аралығында өткен 9 турдың қорытындысында алты ұпай жинап, ерлер арасында 15 орын, ал әйелдер арасында бірінші орын алды.

Ал турнир қорытындысы бойынша Жансая әйелдер арасында әлемдік рейтингте үздік 35 шахматшының қатарына кіреді.

Сондай-ақ отандасымыз жақын арада шахматтан ерлерге берілетін халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағымен марапатталатын Қазақстандағы бірінші қыз болады.

Жансая Әбдімәлік — қазақстандық шахматшы, қыздар арасында төрт дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі шебер және гроссмейстер.

ДереккөзSportportal.kz