Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Сотталушыны үш адвокат қорғап жатыр. Қорғаушы тараптың тергеу ісіне көңлі толмайды, қосымша экспертиза жүргізу керек дейді.
201-маршрут жүргізушісі Абдуллаевтың әрекетінен Жол жүрісі туралы заңның 10.1 және 13.3 тармақтары бойынша талапты бұзған белгілер байқалады. Бұл тармақтар бойынша, ол қауіп төнгенде жылдамдықты басуы керек еді. Басқа транспорттар жүргізушісі қиылыста немесе алдында көлік тоқтағанын көрсе, олар ендігі жол қауіпсіз екенін білген соң барып қозғалуы керек, — дейді адвокат Серік Дарақұлов.
3 наурызда болған сотта зардап шеккен әйелден жауап алынды. Апат болған күні Эркен Оспанбаева 98-автобустың салонында болған.
98-маршрут жүргізушісі баяу жүріп келе жатты. Жүргізушінің жанында бір жас бала тұрды. Сосын автобус Төле би көшесінің алдынан тоқтады. Бағдаршам жыпылықтап тұрды ма, білмеймін. Тек 201-автобус ұшып кеп бізге соғылғаны есімде. Өйткені ол мен отырған жерден соқты. Оның қандай жылдамдықпен келгенін білмеймін, автоубсты көтеріп жіберді, сөйтіп мен құладым. Әйнектің бәрі маған шашылды, — дейді зардап шеккен әйел.
Апаттан кейін Эркен Оспанова ауруханаға түскен. Оның жамбас сүйегі сынған. Ол енді денсаулығына келген залал үшін өтемақы талап етіп отыр.
Еске салайық, былтыр қарашада 98-інші және 201-бағыттағы екі қоғамдық көлік соғысып, салдарынан бір адам қаза болды, 21 адам зардап шекті.