Топ құрамынан Ұшқын Жамалбек кетіп, орнына Ерзат Рамазан есімді солист келді. ШҚО тумасы Ерзат — «Astana Musical» театрының актері. Ал Ұшқын Жамалбек жеке шығармашылықпен айналысу үшін топтан кеткен.
Айта кетейік, бұл топ 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған. Қазіргі уақытта «Алашұлы» этно-тобының әндері – ұлттық әуенге айналған. Репертуарларындағы «Қара жорға», «Махамбеттің жыры», «Ақтанның термесі», «Елім менің» т.б. әндері тыңдармандардың жүрегінен орын табуда. Ал жаңа құрам бірге ән салып үлгерді.