Басты бетЖаңалықтарҚазақстан көмір...

Қазақстан көмір экспортына тыйым салуды ұзартуы мүмкін

Қазақстан аумағынан тас көмірді, тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды, қатты отынның ұқсас түрлерін, тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес бірақ агломерацияланбаған тас көмірді, гагаттан басқа лигнитті немесе агломерацияланған, агломерацияланбаған қоңыр көмірді автомобиль көлігімен әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, — делінген бұйрықта.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде бұл халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі дүрбелеңді болдырмау және елдің энергетикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізілгені жазылған.

Бұйрық 14 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.