Астанадағы LRT құрылысы аяқталады. Биыл да тиісті қаражат қарастырылған. Биыл қателеспесем, LRT құрылысын жалғастыруға 50 миллиард теңге бөлеміз. Бұл құрылысты қала әкімдігімен талқыладық. Ең әкелі жұмыс әуежай жақтан басталады. Демек, сондағы жұмыс жалғасады. Ал қаражаттың бір бөлігі вагондарды сатып алу үшін алдын ала төлем жасауға жұмсалады, — деді Марат Қарабаев үкімет отырысы кулуарында.
Ол қаражат республикалық бюджет комиссиясы отырысында қарастырылғанын айтты.
Өздеріңіз білесіздер, бұдан әрі парламентке баруымыз керек, содан кейін қол қою керек. Қазір ақпан болса, менің ойымша, басында, сәуірге қарай қаражатты әкімдікке аударамыз, — деп түйіндеді министр.
Еске салайық, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысы келер жылы аяқталатынын айтты.
Оған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімдігіне LRT құрылысын тездетіп аяқтауды тапсырды.