Ішкі істер министрлігі және ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті.
Ұсталған топқа ҚР қылмыстық кодексінің 115-бабы «Қорқыту», 147-бабы «Жеке өмірге қол сұғу», 158-бабы «Журналистік қызметке кедергі келтіру», 202-бабы «Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» және 293-бабы «Бұзақылық» бойынша айып тағылды. Арандатушылық шабуылдардың тікелей ұйымдастырушысы — шетел азаматы, білікті хакер О.Токарев Алматыда ұсталды, — делінген хабарламада.
Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген құрылғы табылып, тәркіленді.
Еске салайық, елімізде журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылға қатысты 18 адам ұсталды.