Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ауа райына байланысты төрт өңірде автожолдар ішінара жабылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Ақтөбе облысы: «Ақтөбе-РФ шекарасы» тас жолының Ш.Қалдаяқов ауылынан РФ шекарасына дейінгі аралығында (автокөліктің барлық түрі үшін); «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы» тас жолының ЭкоОйл — РФ шекарасы арасы (барлық көлік түрі үшін); «Самара-Шымкент» тас жолының Батыс Қазақстан облысы шекарасы-Құршасай кенті арасы (барлық көлік түрі үшін);

Қостанай облысы: «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тас жолының Әулиекөл ауылы — Октябрьское ауылы арасы (автокөліктің барлық түрі үшін); «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тас жолы Октябрьское ауылы — Ақмола облысы шекарасы арасы (барлық автокөлік түрі үшін); «Екатеринбург-Алматы» тас жолы Сарыкөл ауылы — СҚО шекарасы арасы (автокөліктің барлық түрі үшін);

Солтүстік Қазақстан облысы (барлық көлік түрі үшін): «Екатеринбург-Алматы» тас жолы Қостанай облысы шекарасы — Тоқсан Би ауылы арасы; «Жезқазған-Петропавл» тас жолы Ақмола облысы шекарасы-Новоишимское ауылы арасы; «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» тас жолы Сергеевка ауылы-Тимирязево ауылы арасы; «Тимирязево-Сарыкөл-Қостанай облысы шекарасы» Тимирязево ауылы-Қостанай облысы шекарасы арасы;

Батыс Қазақстан облысы (жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін): «Самара-Шымкент» тас жолының Жымпиты-Ақтөбе облысы шекарасы арасы.

Exit mobile version