Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.
Оның айтуынша, 4 наурыздан бастап азаматтар сайлаушылар тізіміне енгізіліп-енгізілмегенін тексере алады.
Жергілікті атқарушы органдардың сайлау учаскелеріне берген сайлаушылар тізіміне 26 ақпандағы жағдай бойынша 12 032 550 сайлаушы енгізілген. Біз бір адамның екі рет қайталану, бірнеше тізімге енгізу фактілерін тексердік. Ондай ештеңе анықталған жоқ. 12 032 550 – бұл бірегей сайлаушы, — деді Петров орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Ол бүгін сайлаушылар туралы мәліметтер цифрлық қорғалған түрде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілетінін айтты.
Олар SMS-хабарлама арқылы азаматтарды нақты бір учаскедегі сайлаушылар тізіміне енгізілгені туралы ақпараттандыру жұмысын ұйымдастырады, — деді Константин Петров.
Айта кетейік, 19 наурызда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау алдындағы үгіт 18 ақпан 18:01-де басталды, ол 18 наурыз сағат 00:00-де аяқталады. Бұған дейін ОСК мәжіліс сайлауына қатысатын барлық жеті саяси партияның партиялық тізімін тіркеді.